
Байгонусов Каликан Байгозынович 1959 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Печи ауылында дүниеге келген.
Каликан Байгозынович еңбек жолын Катонқарағай ауданы Коробиха совхозында тракторшы болып бастады, институтты бітіргеннен кейін туған жерлеріне оралды және Каликан Байгозынович одан арғы еңбек қызметі 2001 жылға дейін Катонқарағай ауданымен толық байланысты болды. Совхоз директорының орынбасары, совхоз парткомының хатшысы, совхоз директоры, әкімшілік басшысының орынбасары, ауылдық округ әкімі және т.б. лауазымдарын атқарды. Барлық жауапты лауазымдарда өзін экономиканы, әлеуметтік саланы дамытуға және шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарын табысты іске асыратын білікті ауыл шаруашылығы маманы, білікті басқарушы ретінде көрсетті.
К. Б. Байгонусов Алтай ауданының әкімі лауазымында 2020 жылдың сәуір айынан бастап. Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынаста аудан мүддесін табысты білдіреді. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің жұмысын сауатты үйлестіреді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нақты өзара әрекеттерді ұйымдастырады. Шағын және орта бизнес субъектілерімен және қайта өңдеу өнеркәсібімен, шаруа қожалықтарымен тиімді өзара әрекеттерді қамтамасыз етеді. Каликан Байгозынович жұмыс стилінде демократия мен жоғары талапшылдық, өзін-өзі тәрбиелеу мен жауапкершілік, тұрақты кәсіби ізденіс, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға адал көзқарас басым. Жақсы қызметі, көрсеткен кәсіби қасиеттері үшін мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Алтай ауданының мәслихатының 04.03.2022 жылғы № 14/4-VІІ шешіміне сәйкес, Байгонусов Калихан Байгозыновичке «Алтай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.