Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына, 19-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өткізу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы хабарлайды.

 

№ 639 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 647 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 648 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 650 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 651 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 652 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 660 учаскелік сайлау комиссиясы - 2 бос орын.

№ 662 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 667 учаскелік сайлау комиссиясы - 2 бос орын.

№ 677 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 685 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 689 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 691 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 692 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 694 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 704 учаскелік сайлау комиссиясы - 2 бос орын.

№ 707 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

№ 709 учаскелік сайлау комиссиясы - 2 бос орын.

№ 1139 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 бос орын.

 

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

 

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 9 ақпаннан 23 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзіндінің көшірмесін;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерді. ұсынады

 

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттеріне белгіленген бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» кіші жүйесі арқылы сайлау туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы тиіс.

 

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болуға тиіс емес.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, Орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 23 ақпанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, үзіліс сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Алтай ауданының мәслихаты

Гречушникова Лариса Александровна – Алтай ауданының мәслихат төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 18.

Жауапты тұлға – Калидульдинова Динара Токтархановна, қалааралық телефон коды (8 72335 61301), ұялы телефон +77771453136, электрондық пошта мекенжайы: maslihatzr@mail.ru.

 

 

Алтай ауданының мәслихаты

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026