Мәслихат депутаттарының, мекеме басшыларының, аудан халқының назарына

2024 жылғы 06 наурызда сағат 11.00-де «Алтай ауданының мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында күн тәртібімен сегізінші шақырылған Алтай аудандық мәслихатының кезекті 12 сессиясы өтеді:

  1. Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Алтай ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 9/2-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Алтай ауданының тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.
  3. Зубовск кенті әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  4. Прибрежный кенті әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  5. Соловьев ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  6. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы.
Дата публикации
01 марта 2024