Аудан әкімдігінің қаулысы

АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

 

ШЕШІМ

 

07 қыркүйек/сентября 2023ж/г.

 

 

Алтай қаласы

 

 

 

 

ОБЩЕСТВЕННЫЙ СОВЕТ

РАЙОНА АЛТАЙ

 

РЕШЕНИЕ

 

№ 9/1

 

 

город Алтай

 

«Алтай ауданының әкім аппараты» ММ  ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманының «Алтай ауданында көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы» мәселесі бойынша есеп

 

 

«Алтай ауданының әкім аппараты» ММ  ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманының «Алтай ауданында көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы» мәселесі бойынша есеп тыңдалып және талқыланып, қанағаттанарлық деп саналсын. Алтай ауданының қоғамдық кеңесі «Алтай ауданының әкім аппараты» ММ  жұмыстарын Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының аясында жүргізеді деп белгіледі.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының            23- бабының 3- тармағына сәйкес Алтай ауданының қоғамдық кеңесі  ШЕШТІ:

  1. «Алтай ауданының әкім аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманының «Алтай ауданында көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметтердің тәртібі мен қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы» мәселесі бойынша есеп қанағаттанарлық деп саналсын.
  2. Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Еркибаева А.Е.:

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауда ұстау;

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін офлайн режимде жергілікті атқарушы органдардың мамандары үшін аппараттық оқу-жаттығулар, семинарлар өткізу ұсынылсын.

  1. Алтай ауданының қоғамдық кеңесінің ұсынымдарының іске асырылуын бақылау Алтай ауданы әкімдігі аппараты басшысының міндетін атқарушы А. Е. Еркибаеваға жүктелсін.
  2. Шешімнің орындалуына бақылау Алтай ауданының қоғамдық кеңесіне жүктелсін.

 

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы

 

 

 

 

Р. Карагужина

 

 

 

 

Решение
Дата публикации
12 сентября 2023