|
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
ШЕШІМ
15 қыркүйек/сентября 2023ж/г.
Алтай қаласы |
|
ОБЩЕСТВЕННЫЙ СОВЕТ РАЙОНА АЛТАЙ
РЕШЕНИЕ
№ 9/1
город Алтай |
«Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының «Алтай ауданындағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық қорытындылары туралы» ақпараты.
«Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының «Алтай ауданындағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық қорытындылары туралы» ақпаратын тыңдай және талқылай келе, мәліметке алынсын. Алтай ауданының қоғамдық кеңесі «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ жұмыстарын Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының аясында жүргізеді деп белгіледі.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 23- бабының 3- тармағына сәйкес Алтай ауданының қоғамдық кеңесі ШЕШТІ:
1.«Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының ақпараты мәліметке алынсын.
2.«Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы К.А.Жуангановқа:
1) Алтай ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындық актілерін тапсыруды бақылауға алсын. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) жылу энергиясын тұтынғаны үшін берешегі бар халықтан өндіріп алу үшін тиімді шаралар қабылдау ұсынылсын.
|
Қоғамдық кеңестің төрағасы |
|
Р. Карагужина |