VІI шақырылған Алтай ауданының мәслихатының 19- сессиясының ШЕШІМІ

Алтай ауданы бойынша халық  үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің  «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген)  2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Алтай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алтай ауданының мәслихат хатшысы            Л. Гречушникова

VІI шақырылған Алтай ауданының мәслихатының 19- сессиясының ШЕШІМІ
Дата публикации
09 августа 2022