Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
- Алтай ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
- «Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы шешімді Алтай ауданының мәслихатының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Алтай ауданының мәслихат хатшысы
|
|
Л. Гречушникова
|