Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мониторингі

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мониторингі

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Ведомствоаралық сараптау тобының мүшелері Алтай қаласындағы қоғамдық тамақтандыру бөлімшелері үш жеке кәсіпкерден жалға алынған 3 мектепте оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға мониторинг жүргізді.
Асханаларды аралау кезінде мектептің бракеражды комиссиясының жұмысы, есеп құжаттамасы, мектептегі тамақ рационының санитарлық талаптарға сәйкестігі зерттелді. Комиссия дайындалған тағамдардың сапасын тексерді.
Алтай ауданында барлығы 37 жалпы білім беру мектебі қызмет атқарады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 360 оқушы және барлық бастауыш сынып оқушылары Жалпы оқыту қоры есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етілген.