Ведомствоаралық сараптама тобының жұмыс отырысы

Ведомствоаралық сараптама тобының жұмыс отырысы

Жыл сайын оқу жылының басында «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Б.К.Канафина мектептегі тамақтандыру сапасына мониторингті ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының құрамын бекітеді.
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде жұмыс жоспарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында «ҚР ДСМ КСЭК ШҚО СЭК Департаменті Алтай ауданының СЭК басқармасы" АМБ басшысы Л.М. Жумаканованың және маман Ю.В. Касымканованың қатысуымен отырыс өткізілді.
Жұмыс барысында асханалардағы тамақтан уланулардың алдын алу мәселелері талқыланып, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО КСЭК ҚР ДСМ" АМБ мамандарымен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мониторингі бойынша ұсыныстар берілді