
Қара-жорға - қазақ халық биі, ол арқылы жас кезінен бастап балаларды өз халқының салт-дәстүрлерімен таныстырады, табиғатқа деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
2023 жылдың 16 наурызында Алтай ауданының білім беру мекемелерінде Наурыз мейрамына арналған «Қара-жорға» халықтық би челленджі өтті. Іс-шараға Алтай ауданы мектептерінің оқушылары мен педагогтары белсенді қатысты. Наурыз-ұлттық бірегейлік пен үйлесімділік, амандық пен бірлік мерекесі.