
Осы жылдың 11 қарашасында Алтай ауданының 8-11 сыныптарының 300 оқушысы үшін «СтартПрофи-Shygys» стенд-мобының мобильді тобымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді.
Облысымыз бен ауданымыздағы 14 колледждің кәсіптік бағдаршылары оқушыларды білім беру, медицина, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы және т.б салалардағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстырып, аймақтық колледждеріне оқуға түсу шарттарына да тоқталды.
Оқушылар толық ақпарат пен таратпа материалдар алды.