Өскемен қаласының комплаенс қызметінің өкілдерімен онлайн кездесу

Өскемен қаласының комплаенс қызметінің өкілдерімен онлайн кездесу

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Алтай аймағының квазимемлекеттік секторы ұйымдарындағы комплаенс қызметтері ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған онлайн семинарға қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға ұжымдарда құқықтық сауаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша түсіндірмелер беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің міндеттері айқындалып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.