
11 мамыр күні «Зубовск орта мектебі» КММ базасында «Оқыту, тәрбиелеу және дамытуда құзыреттілікке негізделген тәсілді дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында тәжірибе алмасу бойынша аудандық онлайн конференция өтті. Мектеп мұғалімдері өз жұмыс тәжірибесімен таныстырды. Директордың О.І. жөніндегі орынбасары Кузнецова И. Г. әдістемелік тақырып бойынша педагогикалық ұжым жұмысының кезеңдері, алынған нәтижелер туралы айтты. «ZHARQYN BOLASHQ» журналы толығымен Зубовск мектебіне арналған, онда мектептің әдістемелік тақырыбы бойынша әр мұғалім жұмысының практикалық нәтижелері ұсынылды. Мектеп мұғалімдері: Е.А.Джаниярова, С.С. Журтпаева, С.И. Мастикбаева, С.Б. Юдина өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп деңгейіндегі әдістемелік тақырып аясында жұмыс жасау өте мазмұнды, ұсыныстар мен талқылауларға толы болды. Іс -шара ауданның барлық әріптестерінен көптеген оң пікірлер алды.