Жакул Кушикұлы атындағы химия және биология пәндері бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы

Жакул Кушикұлы атындағы химия және биология пәндері бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы

        2022 жылғы 7-8 сәуір аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша Жакул Кушикұлы атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.      

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия, биология пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру, дарынды және талантты оқушыларды анықтау, мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуы мен кәсіби бағдарлануына қолдау көрсету.      

Облыстық кезеңге жалпы білім беретін мектептердің 6 оқушысы қатысты – «Мектеп -лицейі» КММ, «№ 8 орта мектебі» КММ, «Зубовск орта мектебі» КММ.     

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдеді орындарға ие болды:

  • «Зубовск орта мектебі» КММ - Белова Вероника – 1 орын;
  • «Алтай қаласының мектеп- лицейі» КММ  - Кауенова Диана – 2 орын;
  •  «Алтай қаласының мектеп- лицейі» КММ  - Нурбекова Жанель – 3 орын;
  • «Алтай қаласының мектеп- лицейі» КММ  - Ахметхан Алихан – 3 орын;
  •  «Алтай қаласының мектеп- лицейі» КММ  - Каблашимова Дильназ – 3 орын;
  • «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ - Казезулы Ислам – 3 орын.

      «Зубовск орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы Белова Вероника, биология пәнінен  бірінші орын алып, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың тегін оқу грантының иегері болды.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта  жеңістер тілейміз!