«Е-Otinish» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша оқытуға арналған онлайн-семинар

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша оқытуға арналған онлайн-семинар

2026 жылғы 12 қаңтарда ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің бас маманы О.А. Рогожина «Е-Otinish» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша оқытуға арналған онлайн-семинар өткізді.
Семинарға Алтай ауданына қарасты ұйымдардың тіркеушілері, орындаушылары және басшылары қатысты.
Семинар барысында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу және жұмысқа қабылдау алгоритмі түсіндірілді, сондай-ақ оларды қараудың белгіленген мерзімдері мен тәртібімен қатысушылар таныстырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша «Е-Otinish» жүйесінде жұмыс істеу бойынша ұсынымдар берілді.