Алтай қаласының мектептерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жоспарлы мониторингі

Алтай қаласының мектептерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жоспарлы мониторингі

2025 жылғы 11–13 қараша аралығында білім бөлімінің басты маманы О.А. Рогожина тарапынан Алтай қаласының мектептерінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жоспарлы мониторинг жүргізілді.
Мониторинг барысында асханалардың кіреберісіне орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендердің жұмысы тексерілді, дайындалған тағамдардың сапасы, өнімдерді сақтау шарттары, сондай-ақ қажетті құжаттардың болуы мен асхананың безендірілуі бағаланды.
Тамақтанатын балалар арасында сауалнама жүргізілді. Оқушылар ұсынылған тағамдардың дәмі мен түрлерінің әртүрлілігін жалпы оң бағалады.
Тамақ сапасын бақылау жұмыстары оқу жылы барысында жалғастырылатын болады.