Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ (Алтай қ., Арықтай Қайыпов к., 54) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша байқауға өтінімдерді қабылдағаны туралы хабарлайды. Байқауға қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған кезде) байқауды ұйымдастырушының кеңсесіне zyroo@yandex.kz электрондық мекенжайына электрондық форматта немесе тапсырысты почта байланысын пайдалана отырып, электрондық форматта құжаттар ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде мына мекенжай бойынша: ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Алтай қаласы, Арықтай Қайыпов көшесі, 54, қабылдау бөлмесі, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен) 2024 жылғы 18 желтоқсаннан 20 желтоқсанды қоса алғандағы әрбір жұмыс күні.
Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі байқау рәсіміне қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайлар;
2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі - Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес жағдайлар;
3) «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес талаптар;
4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алу үшін арнайы жағдайлар «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес (болған жағдайда) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Сәулет қызметі туралы заң) сәйкес қолжетімді орта;
5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықпен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықпен және жиһазбен жарақтандыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген);
6) Санитарлық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;
7) «Педагогтар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құрам (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес штат саны.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған байқау рәсіміне қатысу үшін мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарлаудың болуы туралы ақпарат;
3) Санитарлық қағидаларға сәйкес (сыйымдылығы үш топқа дейін болғанда) тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға медициналық-санитариялық алғашқы көмектің аумақтық ұйымымен шарт;
4) педагогикалық немесе бейінді білімі бар педагогтердің штаттық кестесінің және белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
Қосымша ақпарат пен анықтаманы
8 777 986 54 49 телефоны арқылы алуға болады.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін Комиссия құжаттарды мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерге ("электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы) жібереді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;
2) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсетуге) шарт болмаған кезде медициналық қызметке лицензия;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
4) «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/Пе бұйрығына «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» (Қазақстан Республикасының Үкіметі. № 28566 актілерді тіркеу) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды);
5) құжаттарды конкурсқа тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есепке алу бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді қамтиды.
Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімше конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Байқау өтініміне кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
|
Кадрларды даярлауға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру нарықтың қажеттілігін ескере отырып сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру тәрбиелеу және оқыту, орта білім білім беру және қосымша балаларға білім беру мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру ережесіне 1-қосымша
|
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Білім министрінің 05.09.2023 № 280 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкісінде толтырылады)
Білім беру тапсырысын
орналастыру жөніндегі
комиссия төрағасына __________
(басшының Т.А.Ә, (болған жағдайда))
Өтініш
_______________________________________ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне қосуды сұраймын
(мектепке дейінгі ұйымның атауы, БСН)
Осымен мыналарды хабарлаймын:
1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;
2) берілген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті
өтініш: _____ бала, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі
_________ балаларды тәрбиелеу мен оқыту;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға бұрын
____________________________________________ оқыту;
(орналастырылған/орналастырылмаған)
4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру
дерекқорлар.
Осымен мектепке дейінгі ұйым:
1) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде
мектепке дейінгі ұйымдардың нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйым;
2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;
3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;
4) Ұлттық білім беру дерекқорын ай сайын толтыру бойынша
өздерінің:
- тәрбиеленушілерге;
- тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі,
еңбек өтілі;
5) «Мүгедектерге құжаттарды қабылдау және балаларды
Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 20883);
6) Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы;
7) балалардың тамақтануына қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-ананың ақы төлеу мөлшері.
Қосымша: байқауға қатысуға арналған құжаттар ___ бетте.
_______________________________ басшысы
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
______________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Толтыру күні «______» __________ 20 ____ж.
Мөр орны (бар болған жағдайда)