Алтай ауданындағы 36 мектептің 28-інде ыстық тамақ ұйымдастырылған.
КММ «Путинцев орта мектебі» және КММ «Подорлов бастауыш мектебінде» өз асханалары бар, штатта аспаздар жұмыс істейді. Аталған мектептер «Мемлекеттік сатып алу» сайты арқылы конкурс өткізгеннен кейін жеткізушілермен жасалған шарттар негізінде азық-түлік өнімдерін өздері сатып алады.
26 білім беру ұйымында тамақтандыру қызметін мектеп ас блоктарын жалға алған 9 жеке кәсіпкер көрсетеді.
Ас блогы мен буфеттері жоқ 8 шағын жинақты мектепте тамақтану кейтеринг түрінде ұйымдастырылған. Жеткізушілер дайын өнімді ланч-пакет түрінде жеткізеді, оқушылар арнайы бөлінген кабинетте — тамақ ішуге арналған бөлмеде тамақтанады.
Аудан бойынша 1–4 сынып оқушыларының барлығы бюджет қаражаты есебінен тегін тамақпен қамтылған.
2026 жылға «Жалпыға міндетті білім беру» (Всеобуч) қоры есебінен тегін тамақтандыруға бөлінді:
2026 жылға арналған ШҚО Білім басқармасының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №687 бұйрығымен ҚҚС-сыз бюджет есебінен берілетін түскі астың жаңа құны бекітілді:
Ақылы түскі астың бағасы – 850-ден 1000 теңгеге дейін.
Ағымдағы оқу жылының 3-тоқсанынан бастап ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы №553 бұйрығымен бекітілген бірыңғай төрт апталық маусымдық мәзір енгізілді.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде «Әлеуметтік әмиян» жобасы енгізілді. Жоба бастауыш сынып оқушыларын және 5–11 сыныптардың жекелеген санаттағы оқушыларын ваучер арқылы тегін тамақтандыруды қамтамасыз етеді, бюджет қаражатының ашық аударылуын және жалған есептің алдын алуды көздейді. Қалалық мектептерде төлем АПК арқылы тіркеледі, ауылдық мектептерде — «Бизнес-әмиян» қосымшасындағы QR-кодтар арқылы жүзеге асырылады.
«Жалпыға міндетті білім беру» қоры есебінен 1–4 сыныптардың 22 661 оқушысы және 5–11 сыныптардың 443 оқушысы тегін тамақпен қамтылған.