2021 - 2022 оқу жылында Алтай ауданында қосымша білім беру жүйесін 1387 қамтумен 3 мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі – «Алтай қаласының балалар музыка мектебі» КМҚК, «Алтай қаласының жас натуралистер станциясы» КММ және Серебрянск қаласының балалар музыкалық мектебі» КМҚК ұсынады.
Алтай ауданының білім беру ұйымдары оқушыларының қосымша білім берумен, үйірме және секциялық жұмыстарымен қамтылуы оқушылардың жалпы санының 95,4% құрайды.
Сабақтан тыс уақытта қосымша біліммен қамтылған оқушылар саны 7066 (95,4%). Оның ішінде: 1359 оқушы тек қосымша білім беру ұйымдарында (18,3%), 2022 оқушы тек мектеп секцияларында (27,3%), 1379 оқушы тек мектеп үйірмелерінде (18,6%), 232 оқушы үйірмелер мен секцияларда (3,1%) барады, 2074 оқушы қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп үйірмелеріне барады (28%).
Қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер ақылы және тегін көрсетіледі. Жеңілдетілген шарттарда білім алушылардың келесі санаттарына қызмет көрсетіледі: жетім балалар, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары.
Қосымша білім алу құны 2200-4500 теңге аралығында.