Орта білім беру жүйесінде 7423 оқушы контингенті бар 39 мектеп жұмыс істейді.
Жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды. Бүгінде оқушылардың 100%-ы жаңа бағдарламалар бойынша білім алуда.
«Nur Otan» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ - сыныптар» бастамашыл жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы ашық IT - сыныптар саны бойынша сөзсіз көшбасшы болды. Қазіргі уақытта ауданда 39 IT - сынып, оның ішінде 10 робототехника кабинеті жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданда 6 мектеп модернизациялануда. Бұл мектептерде жаңа оқу жылына 4 жаңа пән кабинеттері алынады, мектеп жиһаздары мен асханаларға арналған жабдықтар жаңартылады, кітапхана қоры цифрландырылады, көркем әдебиет сатып алынады.
Білім беру ұйымдарында балалар үшін қауіпсіз жағдайлар жасау мәселесі басымдыққа ие. Осы мақсатта облыстың жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің 100% бейне бақылау жүйелерімен жабдықталған.
Алтай, Серебрянск қалаларында орналасқан 11 мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдарымен жабдықталған (турникеттер мен дабыл түймелері орнатылған, мамандандырылған күзетпен шарттар жасалған).
5 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 - 2022 оқу жылында облыс бойынша оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.
1-сынып оқушылары үшін болжамды 793 контингент бойынша 1000 жиынтыққа тапсырыс берілді.
Аудан мектептерінің компьютерлік паркі 2311 бірлік техникамен жабдықталған, 1 компьютерге 5 оқушыдан (2020 ж. - 6 оқушы).
2021-2022 оқу жылында ыстық тамақ ауданның 29 мектебінде 7423 оқушыны, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 847 баланы қамтитын болады.
Ауданда мектептері жоқ 15 елдімекеннен 231 бала 17 автобуспен 15 білім беру ұйымына жеткізіледі. Соңғы үш жылда 4 автобус, оның ішінде ағымдағы жылы 1 автобус сатып алынды.
Алтай ауданының барлық 39 мектебінде 57 мұғалім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының нормативтік құқықтық актілеріне және нұсқаулық –әдістемелік құжаттарына сәйкес 34 сағат көлемінде 1-11 сыныптардан «Өзін-өзітану» пәнінен сабақ береді.