Алматы облысында тұрғын үй қолжетімділігі: «Отбасы банк» жаңа бастамалары

Алматы облысында тұрғын үй қолжетімділігі: «Отбасы банк» жаңа бастамалары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Отбасы банк» АҚ Алматы облысытық филиалының директоры Ұласбеков Қуаныш Серікұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Отбасы банк» өкілдері 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында облыс тұрғындарының баспаналы болу нәтижесімен бөлісті.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Отбасы банк» филиалының қызметін қайта жаңғырту мақсатында Алматы облысының аудан, моноқалалар басшылығы және тұрғындарымен кездесуге арналған кешенді іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Атап айтсақ, биылғы жылы облыс тұрғындарына банк өкілдері «Ақыл», «Келешек» депозиттері, «Ұлттық қор балалараға» жобасы, «Наурыз», «Отау», «Ұмай», «Жасыл ипотека» бағдарламаларын түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастыратын болады.

Кездесу соңында облыс әкімі банк басшылығына «Жұмысшы мамандықтар жылының» аясында өңірдегі жұмысшыларға арналған жеңілдетілген ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларын жасақтауды тапсырды.