
Алматы облысында «Есірткіге жол жоқ» айлығы бастау алды. Акция аясында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында нашақорлыққа қарсы күрес бағытына арналған кешенді іс-шаралар ұйымдастырылады.
Айлық ішінде барлық құзіретті органдар бірлесе облыс бойынша есірткіні қолдануға шақыратын жазбаларды өшіру, жарнамаларын жою, өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын жүргізетін болады.
Бүгін, Қонаев қаласы бойынша аталған жұмысқа 100 волонтер қатысып, 800-ге жуық жазбаларды өшірсе, ал жалпы облыс бойынша 5 мың ерікті өз үлестерін қосты.
Алматы облысында халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «ANTI-GRAFFITI» акциясы бастау алды. Аясында аймақта 1 ай бойы есірткі қылмысымен күрес, оның алдын алуға арналған түрлі шара ұйымдастырылмақ. Алғашқысы бүгін Қонаев қаласында өткізілді. Мұндай шара облысқа қарасты өзге аудандарда да басталды.
Акцияның басты мақсаты - Алматы облысында ғимараттарға салынған, қауіпті жайттарға, есірткі тұтынуға итермелейтін түрлі сурет пен жазуларды анықтап, олардың көзін жою. Өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жаман әдеттерден сақтау.