
1 маусым - балаларды қорғау күніне орай Қонаев қаласындағы скейт алаңында “Best of Konaev” атты спорттық жарыс өтті. Мұнда жастар скейтбординг, ролик, BMX спорт түрлерінен өзара сынға түсті.
Шара мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, елімізде скейт-воркаут спорт түрін дамыту, насихаттау.
Жарысқа 30-дан астам жас қатысты. Олар 3 топқа бөлініп, бір-бірімен күш сынасты. Шара барысында аниматорлар кішкентай көрермендерге шарлар таратып, жақсы көніл-күй сыйлады. Жарыс сонында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Скейтбординг жеңімпаздары:
1 орын - Трескин Алексей
2 орын - Пузырек Максим
3 орын - Трофимов Валерий
Ролик жеңімпаздары:
1 орын - Магомадов Максим
2 орын - Кузнецов Богдан
3 орын - Ченцов Артем
BMX жеңімпаздары:
1 орын - Қуаныш Темирлан
2 орын - Рафаэльұлы Альтаир
3 орын - Клишин Кирилл