
Өткен аптада табиғи апат кезінде гуманитарлық көмек жинауға және көрсетуге қатысқан азаматтар марапатталды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қиын кезеңдерде көмек көрсеткен жерлестерімізге, еріктілерге, құтқарушыларға, жүргізушілерге, демеушілерге алғыс хатын табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, апат салдарына облыстан 500-ден астам ерікті қатысты. Олардың кейбіреулері су тасқыны аймақтарына барып, зардап шеккен халыққа көмек көрсетті. Жиналыста облыстың барлық бей-жай қарамайтын азаматтарына алғыс айтылды.
Жалпы, мұндай марапаттау рәсімдері облыстың әртүрлі аудандарында ұйымдастырылатын болады. 400-ге жуық азамат облыс әкімінің Алғыс хаттарын алады.