Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:
«Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспары» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;
Тірек жоспар;
Қоршаған ортаны қорғау схемасы;
«Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспарына» стратегиялық экологиялық бағалау бойынша есептің қамту аясының анықтамасы
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз не себепті оларды елеулі деп есептейсіз?
Жобаны бекітпес бұрын қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсер етулерді зерттеу керек және неге?
СЭБ жүргізу қажет деп ойлайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және не себепті?
Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсер етуіне байланысты басқа да ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2040 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 26 маусымнан 2025 жылғы 18 шілдеге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 18 шілде)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жолдауға болады:
- электронды түрде Экология министрлігі Кеңсесінің электрондық мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттарыңыздың Кеңсеге түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылап алуыңыз қажет);
- b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz e-mail-іне;
СЭҚ бойынша материалдар:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Тапсырыс берушінің сайтында орналастырылды