
Жаңа оқу жылы індетпен күрес шараларына байланысты қашықтан оқыту режимінде басталды. Соған байланысты Алматы облысында әлеуметтік әлжуаз отбасыларының балаларына қашықтан оқуға жағдай жасау мақсатында 55 мың компьютер сатып алынады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, техникалық құралдардың алғашқы легі Талдықорған қаласына жеткізіле бастады. Оны Ақсу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласы қабылдап алуда. Компьютерлерді кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Қажетті техника басқа аудан-қалаларға да берілетін болады.
Жалпы компьютер, ноутбук және планшет сияқты қажетті техникалар сатып алуға республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.