
Бүгінгі күні білім саласында қашықтан оқыту мұғалім үшін де, ата-ана мен оқушылар үшін де үлкен тәжірибе болып отыр. Бұл жүйе – ел болашағы үшін жауапты міндет екендігі бәрімізге белгілі.
Өйткені қолжетімді әрі сапалы білім беру – басты міндетіміз. Сол себептен де, коронавирус індетінің салдарынан қашықтан оқытудың тәсілі мен мазмұны мазмұнын түбегейлі өзгертуіміз керек. Әйтсе де осы қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда орын алған басты кемшіліктерді атай келе, Президент өз Жолдауында толыққанды оқу үдерісі үшін бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігі туралы тапсырма берді.
Осы орайда облысымызда орын алған мәселелерге тоқталып өтсем, қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылданып туындаған мәселелердің алдын алуда жұмыстар жүргізілуде.
Жаңа оқу жылында эпидемиологиялық жағдайда байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқытылуына байланысты қоғамның сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында ауылды жерлерді елді мекендерде интернет желісін тарту заман талабы болып отыр.
Қоғам мен билік арасында диалог мүддесін орнату – басты мақсатымыз. Сондықтан кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасын дамытуымыз керек. Осыған орай жаңа стнадарт негізінде жаңа «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән жастардың ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолдануына септігін тигізіп отыр.
Қазір заман өзгерді, талап өзгерді, Бүгінгі бала – ертеңгі ел болашағы. Ондай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары біздің жас ұрпақтың өркениетті елдер қатарынан мәртебелі орын алуы тиіс. Осы орайда білім мен ғылым саласын дамытудың жолдарын жаңарту, халықаралық тәжірибеге сүйену арқылы тың көзқарас пен жаңа тәсілдер шығару үшін «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу жұмысы таныстырылды. Осы орайда бүгінгі күні цифрлы дағдыларды ескере отырып, кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламал жаңартылуда. Бұл бағдарламалар аясында оқыту сапасын, тиімділігі мен дәрежесін арттыру, экономиканың сұранысқа ие және инновациялық бағыттары бойынша жұмыстарды дамыту облысымыздың басты мәселесі.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек білімге ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, соның ішінде баланың өзіндік ерекшелігіне байланысты қосымша білім алуына жағдай жасауымыз керек. Спорттық секциялар мен түрлі үйірмелер баланың өз таңдауы бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Отбасының және балалардың әлеуметтік экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.
Әлішер Башаров,
«Жетісу дарыны» облыстық дарынды
балалар мен талантты жастарды анықтау
және қолдау орталығының директоры