Конституция мерекесіне орай марапаттар тапсырылды

Конституция мерекесіне орай марапаттар тапсырылды

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Конституцияның 25 жылдығына орай бірқатар азаматтарға наградалар тапсырды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Конституцияның 25 жылдығына арналған салтанатты шарада көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов алдымен Ата Заңның ел өміріндегі маңызы туралы қысқаша айтып өтті. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталды. Жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар марапаттарды тапсырды. Атап айтқанда, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталғандар арасында «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық ұйымының облыстық филиалының төрағасы Ермек Келемсейіт, «Талдықорған Көркейту» ЖШС шебері Мұхтар Айтибаев, Алматы облыстық сотының төрағасы Еліс Әбдіқадыров, Ескелді ауданындағы «Қарабұлақжылу» ҚМК бас инженері Сергей Ануфреев, Көксу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Зылиха Жаксенова, Талдықорған қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Жексембай Мейрембаев, Алматы облыстық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева, Текелі қаласындағы № 4 мектептің мұғалімі Гүлмира Өтепова бар.

Сол сияқты осы жиында мәдениет саласының бірқатар қызметкерлері өткен кәсіби мерекелеріне байланысты және Конституция күніне орай марапатталды. Бұл орайда «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» атанған «Анаға құрмет» музейіне автокөліктің кілті берілді. Б. Римова атындағы Талдықорған дарама театрының әртістері Серік Нұрхалық, Әлихан Ыдырышева, Ғалия Темірбаева «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанды. Басқа да бірқатар азаматтар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік мелаль облыстың 653 азаматына табысталады. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.