Облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Облыс бюджетіне 21,5 млрд. теңге көлемінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның басым бөлігі әлеуметтік саланың иглігіне жұмсалмақ. Осы мәселелерді депутаттар онлайн форматта өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 60-шы сессиясында талқылады. 

Облыстық экономика және бюджеттік жсоапралу басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл ретте әлеуметтік нысандар мен автокөлік жолдарының құрылысына ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 1 млрд. теңгеден астам сома білім саласының 4 нысанының күрделі жөндеуіне бөлініп отыр. 7,5 млрд. теңге Талдықорғандағы 200 орындық инфекциялық аурулар ауруханасының құрылысына қарастырылған. Газ тарату желілері құрылысына қатысты 7 жобаға 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қалаішілік жолдардың күрделі және орташа жөндеуінің 9 жобасына 840 млн. теңгеден астам сома белгіленген. Сонымен қатар сессия барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының міндеттемелері туралы мәселе де талқыланды. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.