The open day

The open day

Халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Ниет білдірушілер арнайы онлайн платформа арқылы аталған іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.  

Іс-шара тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. Автоматты түрде 2020 жылдың алғашқы жартысының өзінде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап өткіміз келеді. Бұл шоттардың иелері аталған іс-шараның ерекше қонағы болады және «БЖЗҚ» АҚ мамандарына өз сауалдарын қоя алады. Оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні айтылады, келешек зейнетақыны есептеуде көмек көрсетіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жедел тәсілі жайлы кеңес беріледі. 

Сонымен қатар аталған іс-шараның мақсаты – салымшыларға зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.

Ашық есік күнінің 27 тамызда 10.00 - 16.00 онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e712966842b08ea836a2875b5be80694a сілтемесіне өтіп, event-жиналыс нөмірі 170 591 4829 мен event-жиналыс паролін 27082020 енгізеді.