
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтеді. 2 қыркүйекте ҚР Президенті тиісті жарлыққа қол қойды.
Станцияны Алматы облысының Үлкен ауылында салу ұсынылады.
«Бізге сенімді және экологиялық таза энергия көздері өте қажет. Сондықтан, менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аудару қажет», - деді Тоқаев.
«Генерацияның бұл түрі біздің экономикамыздың тез өсіп келе жатқан қажеттіліктерін едәуір дәрежеде қанағаттандыра алады», — деп қосты Тоқаев
Алматы облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері 6 қазандағы референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасайды.