Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.                      

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

Нұрлан Байбазаровтың, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың елдің қорғаныс қабілетін нығайту шараларын іске асыру мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалды.

 

Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттің әскери әлеуетін арттыруға және армияны қару-жарақ пен әскери техниканың, оның ішінде қорғаныс кешенінің отандық кәсіпорындары шығарған заманауи үлгілерімен жарақтандыруға ұсынылған тәсілдер бойынша шешімдер қабылдады.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Президент – Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға мемлекеттің әскери ұйымын жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысына Алматы облысының әкімі                  Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы қатысты.