Жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік Алматы облысы әкімінің ерекше бақылауында

Жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік Алматы облысы әкімінің ерекше бақылауында

Жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік Алматы облысы әкімінің ерекше бақылауында. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері тұрғындарға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске сала отырып, су объектілерінде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

 Құтқарушылардың еске салатын қарапайым ережелерді мүлтіксіз орындау су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі.

Сонымен қатар, Алматы облысы ТЖД қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы азаматтардың назарын аудара отырып, жаппай демалу орындарында профилактикалық жұмыстарды күшейтті.  

Өңірде сүйікті демалу орныдарының бірі Қонаев қаласының су қоймасында аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен бірлескен рейд өтті.

2024 жылы 27 шілдеде Алматы облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы Алматы облысының аумақтық қорғаныс бригадасымен азаматтық қоғам институттарымен жұмысты күшейту мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасын орындау үшін облыстық  АуҚ  бригадасының жеке құрамы және облыстық ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп  «HOME CLUB» демалыс аймағында «OCEANMAN KAZAKHSTAN 2024» ашық судағы халықаралық жарыста  профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ашық су айдындарында және басқа да су объектілерінде адамдардың жаппай демалатын орындарында демалушы тұрғындармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Профилактикалық іс-шаралар мен рейдтер шомылу маусымы аяқталғанға дейін бекітілген кестеге сәйкес үнемі өткізіліп тұратын болады.