Алматы облысы бойынша 1998 – 2006 жылдардағы туылған азаматтардың 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру аяқталды.

Алматы облысы бойынша 1998 – 2006 жылдардағы туылған азаматтардың   2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру аяқталды.

           2024 жылдың көктемінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды Алматы облысының жергілікті әскери басқару органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы                           07 ақпанындағы № 50 «1998-2006 жылдары туған ҚР азаматтарын 2024 жылғы наурыз - маусым және қыркүйек - желтоқсан айларында ҚР ҚК қатарына кезекті шақыру туралы» қаулысына сәйкес ұйымдастырды және жүргізді.

          2024 жылдың көктемінде негізгі наряд – 1599 адам, 1657 адам шақырылды.

         Оның ішінде:

          - ҚР ҰҚК ШҚ негізгі наряд – 225 адам, шақырылған – 234 адам  (+ 9 адам) құрады;

         - МКҚ негізгі наряд – 30 адам, шақырылған – 38 адам (+ 8 адам) құрады; 

         - ҚР ҚК негізгі наряд – 790 адам, шақырылған – 828 адам (+38 адам) құрады;

         - ҚР ТЖМ негізгі наряд – 28 адам, шақырылған - 29 адам (+1 адам) құрады;

         - ҚР ҰГ негізгі наряд – 526 адам, шақырылған - 528 адам (+2 адам) құрады.

         2024 жылдың көктемінде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды шақыруға арналған наряд 103,6% - ға орындалды.