
Райымбек ауданының тұрғындары үшін жаңа медициналық нысанның құрылысы аяқталды және жақында пайдалануға берілмек.
«Бүгінгі күні Райымбек аудандық ауруханасына 28 512 тұрғын тіркелген. Аудан бойынша 10 дәрігерлік амбулатория, 5 медпункт және 4 акушерлік пункт қызмет көрсетуде. Соңғы бес жылда аудан құрылғалы бері медицина саласына ерекше көңіл бөлінуде, оның ішінде 6 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді», — деді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Руслан Көккөзөв.
Қазіргі уақытта нысан толықтай аяқталып, пайдалануға берілу үшін құжаттары дайындалуда.