Алматы облысының дәрігерлері көз жұмғаннан кейін наградталды

Алматы облысының дәрігерлері көз жұмғаннан кейін наградталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 42 медицина маманын көз жұмғаннан кейін марапаттады. Қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қажырлы еңбегі үшін қайтыс болғаннан кейін марапатталған азаматтар ішінде:

Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов – ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;

Алматы облысы № 28237 әскери бөлімінің "Медициналық қызмет бөлімі" басшысы Бегалидин Алашбаев «Құрмет» орденімен наградталды.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.