
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 42 медицина маманын көз жұмғаннан кейін марапаттады. Қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қажырлы еңбегі үшін қайтыс болғаннан кейін марапатталған азаматтар ішінде:
Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов – ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы аудандық орталық аурухананың дәрігері Бегалдин Алашбаев «Құрмет» орденімен наградталды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.