Індетпен күрес шараларына Алматы облысында 3,5 мыңнан астам медицина маманы тартылған

Індетпен күрес шараларына Алматы облысында 3,5 мыңнан астам медицина маманы тартылған

Жалпы коронавирус инфекциясымен күрес шараларына Алматы облысында 3,5 мыңнан астам медицина маманы тартылған, оның 851-і - дәрігерлер, 2514-і – орта және кіші медициналық персонал. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов айтты.

Оның айтуынша, провизорлық бөлімдердегі төсек қорын ұлғайту есебінен кадр жетіспеушілігі туындаған. Қазіргі кезде қажеттілік 156 дәрігерді құрап отыр. Осыған оған байланысты бүгінгі күні резидентура бойынша оқудан өткен дәрігерлер мен медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждердің  бітірушілері тартылуда. Осы бағыттағы жұмыс бұдан әрі де жалғасады. Бос орындар туралы ақпараттар облыстың интернет ресурстарында орналастырылды.   

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.