Биылғы жылы өңірде 46 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған

Биылғы жылы өңірде 46 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған

2020 жылы Алматы облысы бойынша 46 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жаңа кәсіпорындар ашу, шағын бизнесті дамыту есебінен 28 645 жаңа жұмыс орны құрылды, соның 11 092-сі - тұрақты жұмыс орны.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2017-2021 жылға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020 жылы 18,2 млрд. теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша 4040 адамды кәсіби оқытуға 2281,1 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде: 1535 адамға тегін кәсіби техникалық білім беруге – 1703,0 млн.теңге; 2505 адамды қысқа мерзімдік кәсіби оқытуға 578,1  млн.теңге бөлінген. 2020 жылдың 1 шілдесіне 881 адам қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5695,6 млн. теңге бөлінді. Оның 4791,3 млн.теңгесі - 1094 әлеуетті қатысушыға шағын несие беруге, 90,0 млн.теңгесі – қалалар мен ауылдарда шағын несиелерді кепілдендіруге, 10 млн. теңгесі шағын қаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялауға қарастырылды.

Бүгінгі күні ауылдық жерлерде  857,6 млн.теңге сомалық 210 микрокредиттер берілді (жоспар: 4552,1 млн.теңге 1080 адамға), қалаларда 2019 жылдың қаржысы есебінен 9 адам  97,5 млн.теңге сома шағын несие алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2900 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған, бүгінгі күні оған 1217 адам бағытталды. Жаңа бизнес-идеяларды дамытуға 1645 адамға жалпы сомасы 804,3 млн. теңге мемлекеттік гранттар бөлу жоспарланған. Бүгінгі күні 247,4 млн.теңге болатын 462 грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша 10,2 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 1078 адамға 240,7 млн.теңге бөлінді, биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 1181 адам бағытталды; жастар практикасына – 1912 бітірушіге 760,3 млн.теңге, 780 бітіруші жіберілді; қоғамдық жұмысқа – 27774 адамға 9173,0 млн.теңге, 13633 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.