Өрле, өркенде, бас қалам!

Өрле, өркенде, бас қалам!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың

                              Астана күнімен құттықтауы

Құрметті жетісулықтар!

Баршаңызды елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде Еуразия құрлығының жүрегінде теңдессіз қала бой көтерді, жаңа қала батыл шешімнің, шығармашылық ойдың, толассыз еңбектің жүзеге асқан жарқын жемісі болды.

ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» құрметті атағына ие болған біздің астанамыз еліміздің әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени орталығына, сол сияқты дипломатиялық, бітімгершілік, халықаралық байланыстарды кеңейту мәселелерінде жаһандық диалог алаңына айналды. Шырайлы шаһар, еңселі елордамызды одан әрі дамытуға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше назар аударып, оны жан-жақты жетілдіруге толық мүмкіндік жасап отыр. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы  еліміздің барлық аймағы үшін ұстанар үлгі, бағыт көрсетер құбылнама, айнымас теміразық болуда. 

Заманауи мегаполисті өркендетуге барлық қазақстандықтармен қатар жетісулықтар, сіздер де зор үлес қосып, бас қаланың табыстарына шын жүректен қуанып, жетістіктерін жетілдіре түсуге атсалысып, қазіргі індетпен күрес жағдайында қолдау көрсетіп, береке-бірлік танытып келесіздер.

Құрметті жерлестер!

Осы мерекеде сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, отбасында шаттық пен қуаныш тілеймін!

Өсіп, өркендей бер, төл астанамыз  – Нұр-Сұлтан қаласы!

Гүлденіп, дами бер, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы!