
Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ыстық түсіретін, вирусқа қарсы, бактерияға қарсы препараттардың, сол сияқты жеке қорғаныш құралдарының (бетперде, қолғап) бар-жоқтығына мониторинг жүргізуде. Дәріханаларға дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға қатысты таоаптар жөнінде, атап айтқанда дәрі-дәрмектер мен бір реттік бетперделердің, сол сияқты рецептпен берілетін дәрілердің шекті бағаларын сақтау жөнінде ақпараттық хаттар жолдануда.
Бұл ретте Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық субъектілердің ЖРВИ мен ЖРА кезіндегі кешенді емдеуде қолданылатын ыстық түсіретін, бактерияға қарсы және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің бөлшек саудасы жүйесін қамтамасыз ету жағдайы туралы түсіндірме ақпараттарды жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізеді.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес дәрі-дәрмектер Қазақстан Республикасында тіркелген және Қазақстанда медициналық қолданысқа рұқсат етілген болуы тиіс.
Әрбір дәрі-дәрмектің бірнеше атауы бар: халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА), химиялық және саудалық атауы (коммерциялық). Сауда коммерциялық атауы өндіріушіге телінеді және оның коммерциялық меншігі болып табылады (сауда маркасы), мысалы, ХПА – цефтриаксон, цефтриаксонның саудалық атауы Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел және т.б. болуы мүмкін, немесе ХПА – азитромицин, саудалық атауы - АзитромицинСандоз®, Азитрус, Зитмаки және т.б.
Қазақстан Республикасындағы эпидеиологиялық жағдай дене қызуы көтерілген, тамағы "қырнайтын" сезімдегі, бойын әлсіздік пен бойкүйездік басқан пациенттер санының жылдам артуына әкеп соқтырды.
Дене қызуының көтерілуі пирогендердің әсерінен - токсиндерге, қоздырғыштар мен ауру тудыратын бактерияларға қарсы жауап ретінде көрінетін белсенді заттардың әсерінен туындайды. Шындығында, балалардың да, ересектердің де дене қызуының көтерілуі - сырқаттың ағзасында болып жатқан патологиялық реакцияға деген ағзаның қорғаныс жауабы.
Лихорадка инфекциялық немесе инфекциялық емес болуы мүмкін. Инфекциялық лихорадка бактериялар, вирустар, қарапайым микроорганизмдер, грибоктар туғызатын жіті және созылмалы дерттер кезінде туындап өршиді.
Ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер тобына жататын препараттардың барлығы, соның ішінде парацетамол және құрамында парацетамолы бар препараттар бірдей әсер ету сипатына ие. Олар дене қызуын туындататын заттардың синтезін блоктайды, қабынуға қарсы, ауруды басатын, ыстық түсіретін қабілетке ие.
Дегенмен ыстық түсіретін, бактерияға қарсы, вирусқа қарсы препараттармен емделу емдеуші дәрігердің нұсқауымен жасалуы тиіс және сырқаттанудың алғашқы күнінен-ақ ем басталуы тиіс. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер айқындайды.
26.06.2020 ж. жағдай бойынша ҚР ДМ "Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК-да жұмыс барысында өнімге тиісті сертификат алуға дәрі-дәрмектің 24 (1 751 152 ор.) аталымы қаралуда, оның: 13 (825 417 ор.)– ыстық түсіретін, 9 (915649 ор.) – антибиотик (цефтриаксон, азитромицин) және 2 (10086 ор.) – вирусқа қарсы препараттар.
Өз бетімен ем жасау ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін, сондықтан әлсіздік, дене қызуының көтерілуі пайда болған жағдайда, дәрігерге жүгініп, ем бойынша кәсіби ұсыным алу керек.
Халықтың ыстық түсіретін, вирусқа қарсы препараттарды негізсіз жаппай сатып алуына байланысты фармацевтикалық нарықта қазіргі кезде тұрғындарды препараттармен қамтамасыз етуде дефицит немесе жетіспеушілік пайда болды, ал фармацевтикалық қызметті жүзеге асырушы субъектілер артық қор қалыптастырып үлгермей жатыр. Жуық арада фармацевтикалық қызмет объектілерінің бөлшек сауда желісіне жоғарыда аталған препараттар жеткізіледі деп жоспарлануда.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Баршаңызды сабыр сақтауға шақырамыз. Дәріні дәрігердің тағайындауымен және емдеу курсынына жететін ғана көлемде сатып алған дұрыс екенін есте ұстаңыздар. Өйткені олардың белгіленген сақтау мерзімі бар. Өз бетімен ем жасаудың ауыр салдары болуы ықтимал екенін қайталай еске саламыз, сондықтан әлсіздік, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалса, дәрігерге қаралып, ем бойынша кәсіби кеңес алғандарыңыз жөн. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!.
Сонымен қатар дәрі-дәрмек бағасын өсіру фактілері орын алған жағдайда Департаменттің мына телефондарына хабарласа аласыздар: 8(7282) 60-11-80, 60-11-69.
Сонымен бірге "DariKz" тегін мобильді қосымшасы н қолдануға болады. Қосымшаны пайдаланушыға дәрі-дәрмектің медициналық қолданыс нұсқамасы, орам макеті, қолдану тәсілдері, аналогтарының тізімі, шекті бағасы, сертификаты, дәрінің толық атауы, өндіруші туралы ақпарат және т.б. қолжетімді болады.
Жүктеуге арналған сілтемелер:
Android https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.dari
iOS https://apps.apple.com/kz/app/darikz/id1457805391
Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті