
ТАҒАЙЫНДАУ
Алматы облысы әкімінің өкімімен Маржан Мұратқызы Мұратоблыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Маржан Мұратқызы МҰРАТ
1978 жылы дүниеге келген. Қазақ академиялық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қалалық әділет басқармасы Алмалы аудандық соты сот мәжілісінің хатшысыболып бастаған.Әр жылдары Алматы қалалық сотының жетекші маман-аудармашысы, құпия құжаттарды жүргізушісі, бас маманы, «Агрофирма TNK» ЖШС 1-санатты заңгері, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы банкроттық процедураны өткізу жөніндегі заң бөлімінің бастығы, облыстық қаржы басқармасының жалдау, сату және сенімгерлік басқару бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-әкімшілік және заң бөлімінің бастығы, басқарма басшысының орынбасары, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.
2017 жылдың қыркүйегінен-Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
Хроника
Алматы облысы әкімінің өкімімен Зайда Әбдімананқызы Ілімжанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметінен босатылды.