«Алматы облысы аумағында карантинді шараларды күшейту туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы 16 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Алматы облысы аумағында карантинді  шараларды күшейту туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы 16 қаулысына  толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысымен, Қазақстан Республикасы және Алматы облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың шешімімен, Қазақстан Республикасында, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы «Алматы облысының аумағында карантинді шараларды күшейту туралы» 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 2-ші тармақтың 2.5 тармақшасы алынып тасталсын;
  • 4-ші тармақ алынып тасталсын;
  • 4-2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы және осы тармақта көрсетілген басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Оpen Талдықорған сервисінің, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, бухгалтерлік және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері және т. б.) онлайн форматта жұмысын қамтамасыз етсін, онлайн форматта көрсетуді мүмкін емес қызметтерді алдын ала, жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін, халықтың жиналуына жол бермеу және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында басқа да шаралар.»;

  • 6-шы тармақ келесі мазмұндағы 6.18, 6.19 тармақшалармен толықтырылсын:

«6.18 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 22-қосымшасына сәйкес қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық ұйымдарда, медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау.

6.19 Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жиналыстар, кеңестер,  конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салу.»

  • 3 тармақшасы алынып тасталсын;
  • 10-шы тармақ келесі мазмұндағы 10.6, 10.7, 10.8, 10.9, 10.10, 10.11 тармақшалармен толықтырылсын:

«10.6 Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 19-қосымшасына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, 30-дан астам жабық үй-жайларда және 50-ден астам жазғы алаңдарда қоғамдық тамақтану объектілері.

10.7  Сауда-ойын-сауық орталықтары.

10.8  Діни нысандар.

10.9 Білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізу және қосымша оқыту орындары.

10.10 Балалардың түзету кабинеті.

10.11 Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар»

7) 11.32 тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына 17-қосымшаға сәйкес жабық үй-жайларда 30 отыратын орынға дейін және жазғы алаңдарда 50 отыратын орынға дейін қоғамдық тамақтану объектілері, бір мезгілде келушілерді орындар санына сәйкес орналастырумен, көрші үстелдердің шеткі орындарының арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және жұмыс алгоритмін сақтаумен. Бұл ретте ұжымдық іс-шаралар өткізуге (үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндері, құда түсу, еске алу  және т.б.) жол берілмейді, ал жұмыс режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгіленеді.»

8) 11-тармақтың 11.36, 11.37, 11.44, 11.45, 11.47 тармақшалары алынып тасталсын;

9)  келесі мазмұндағы 13-1 тармағымен толықтырылсын:

 «13-1 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы, облыс аудандары мен қалаларының әкімдері, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етсін:

  1. Халықты жоспарлы иммундауды, өмірлік қажеттілік бойынша медициналық манипуляцияларды, жүкті әйелдердің скринингі мен қабылдауды қоспағанда, стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызуды тоқтата тұру, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық және стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы медициналық қызметтерді көрсету (профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту және басқалар) және қабылдауды тоқтатуды,
  2. МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауын және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультацияларын қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстыруды;
  3. Қолдану нұсқаулықтарына сәйкес вирусқа қарсы тиімділігі бар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, санитариялық-дезинфекциялау режимін күшейту»;

10) 18 тармақтың 18.14 тармақшасы алынып тасталсын;

11)  20-шы тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне):».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                    Қ. Баймухамбетов

 

ҚАУЛЫ