«Халық алғысына» ие болды

«Халық алғысына» ие болды

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форум аясында коронавируспен күресте түрлі салада белсенділік танытқан Алматы облысының бірқатар тұрғындары еліміздің өзге де азаматтарымен бірге Мемлекет басшысы тағайындаған "Халық алғысы" арнайы медалімен наградталды. 

Форумның онлайн-трансляциясы облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өтті. 

Құрметті марапат облыстың 9 тұрғынына берілді. 

Олардың арасында Кербұлақ аудандық ветеринарлық станция бөлімінің басшысы Бақытжан Бектеміров, "Хабар 24" телеарнасының меншікті тілшісі Гүлнар Жантасова, облыстық патруль полициясының инспекторы Дәулет Ыдырысов, Талғар аудандық ауруханасының бөлім басшысы Қарлығаш Қасымбекова, Талғар аудандық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Қайрат Мұналбаев, жеке кәсіпкер Әсем Нұртуған,  Көксу ауданының әлеуметтік қызметкері Несіпхан Оразалиева, «Талдықорған-комфорт» компаниясының директоры Дәурен Талипов, Талдықорған қаласындағы «Сүлейменханова» ЖК иесі Айнұр Сүлейменханова бар.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.