
ТАҒАЙЫНДАУ
Алматы облысы әкімінің өкімімен Тамерлан Талғатұлы Разбеков облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Тамерлан Талғатұлы Разбеков
1987 жылы туған. Қазақстан-Британ техникалық университетін экономист, Канададағы Карлтон университетін экономика саласындағы магистр мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы қаласында «СервисСпецПоставка» ЖШС қаржы директоры болып бастады.
Әр жылдарда Алматы қаласында «Интер поставка Жолы» ЖШС-нің маркетологы, «Импорт ЭксРесурс» ЖШС коммерциялық мәселелер бойынша директорының орынбасары, Алматы облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласында «Энергоатом» ЖШС өңірлік директоры болды.
2019 жылдың ақпанынан – «Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы» ЖШС директоры.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.