Халыққа риясыз қызмет ету – басты парыз

Халыққа риясыз қызмет ету – басты парыз

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметкер болу – халық пен билік арасында алтын көпір болу, қоғам мен мемлекет тарапынан артылған үлкен жауапкершілік. Сондықтан сенімді ақтау, міндетті мінсіз орындау, халыққа риясыз қызмет ету – мемлекеттік қызметшінің қастерлі парызы.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жауаптылығы ең алдымен мемлекеттік қызметшіге жүктеледі. Бұл ретте Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері елдің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсап, аса жауапты жұмысты абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болуда.  

Осы мерейлі мерекемен Сіздерді құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!

Ізгі ниетпен, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов.