«Алматы облысы аумағында карантинді шараларды күшейту туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы 16 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Алматы облысы аумағында карантинді  шараларды күшейту туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы 16 қаулысына  толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысымен, Қазақстан Республикасы және Алматы облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың шешімімен, Қазақстан Республикасында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, оның ішінде Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының 2,1% өсуімен,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы «Алматы облысының аумағында карантинді шараларды күшейту туралы» 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  • 1 тармақтың 2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«2.1 Саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, бассейндердің жұмысын тоқтата тұру»;

  • 4-1, 4-2 тармақтары толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:

  «4-1 Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері 2020 жылғы 20-21 маусым аралығында туристік аймақтар мен ұлттық парктерге кіруді жабуды, ал көрсетілген аймақтардағы тұлғалар – әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін»;

 4-2 Аудандар мен қалалар әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының онлайн форматта жұмысын қамтамасыз етсін, онлайн форматта көрсету мүмкін емес жағдайда электрондық кезекпен алдын ала жазылу бойынша сағат 10:00-ден 16-00-ге дейін жұмыс кестесімен және халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында басқа да қызметтерді қамтамасыз етсін»;

  • 5 тармақтың 5.1, 5.2 тармақшалары толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:

«5.1. Объектілердің аумағына кіре берісте дезинфекциялық тосқауылдарды және/немесе тоннельдерді орнату.

5.2 Жағажайларға баруды қоспағанда, демалушылардың объектілер аумағынан тыс жерде болу және демалудың барлық уақытында шығуына тыйым салу»;

  • 6 тармақтың 6.1 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«Елді мекен ішіндегі маршруттарда қоғамдық көлік санын көбейту, жолаушыларды маскаларсыз жібермеу және барлық отырғызу орындарын толтырғанын қадағалау үшін қызметкерлермен (кондукторлармен) қамтамасыз ету»;

  • 6 тармақтың 6.4 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«6.4. Әрбір мемлекеттік органда (ұйымда), ұлттық компанияларда, басқа да офистерде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының 23-қосымшасына сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, осы ұжымда COVID-19 сырқаттанушылық тіркелген жағдайда ауыстыру үшін басшы және атқарушы құрамдар қатарынан негізгі және қайталаушы топты қалыптастыруды көздеу. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80% - ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады.»;

  • 6 тармақтың 6.14 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«Халықтың жиналуына жол бермеу және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында банктердің, пошта бөлімшелерінің алдын ала жазылу, электрондық кезекпен және басқа да шаралар бойынша жұмысын ұйымдастыру»;

  • 6 тармақтың 6.16 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«6.16. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білімді бағалаудың (Ұлттық бірыңғай тестілеу, білім беру қызметкерлерін біліктілік тестілеу, олимпиадалар, түсу және бітіру емтихандарын) барлық түрлерін өткізуді қоспағанда, білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқыту»;

  • 6 тармақтың 6.17 тармақшасы толықтырылып және келесі редакцияда жазылсын:

«6.17 Халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру, 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қою»;

  • 9 тармақтың 9.1 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«9.1 65 жастан асқан азаматтарды қоспағанда, облыс ішінде және одан тыс жерлерде еркін қозғалуға (қозғалуға) рұқсат етіледі»;

  • 9 тармақтың 9.6 және 9.7 тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«9.6 Облыс аумағынан тыс жерлерге, елді мекендер ішінде бірінші қажеттілік тауарларынан, дәрі-дәрмектермен және зейнетақы төлемдерінен басқаны есепке алмағанда, елді мекендер ішінде, облыс аудандары мен қалалары арасында 65 жастан асқан азаматтардың жүріп-тұруы шектеледі;

9.7 Кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше жүруіне тыйым салынады»;

11) 11 тармақтың 11.26 тармақшасы алынып тасталсын;

12) 13 тармақ 13.10 тармақшасымен толықтырылсын:

 «13.10 қосымша жұқпалы және провизорлық төсек бөлу.»;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері            Қ. Баймухамбетов

 

ҚАУЛЫ