
Ағымдағы жылдың 28-29 наурызында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында туризм жылының ашылуына арналған форум өтті.
Туризм, инвестициялар, ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық және қытайлық компаниялар арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі Форум.
Алматы облысының стенді бай мәдени мұраны, таңғажайып пейзаждарды және облыстың әртүрлі көрікті жерлерін жан-жақты көрсетті.
Форум қорытындысы бойынша Алматы облысы үздік презентация және жоғары дайындық деңгейі үшін 1 орынға ие болды.