КВИ жұқтырған 7 дерек анықталды

КВИ жұқтырған 7 дерек анықталды

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 жағдай тіркелді. 

Қапшағай қаласында - 2, Қарасай ауданында - 2, Іле, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласында - 1-1-ден. 

Соның ішінде 1946, 1965, 1982, 1988, 1991 жылы туған әйел адамдар мен 1951, 1969 жылғы ер адамдар дене қызуы 38,5 С көтерілуіне, әлсіздік, тамақ пен буын ауруына шағымданып, медициналық көмекке жүгінген. Пациенттердің барлығы індетке тексеру тестілеуінен өтіп, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Олармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.

Сөйтіп, Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 534 жағдайы тіркелді, соның 377-сі жазылып шықты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.