
Өңірде вирус жұқтырған 5 адам – Талдықорған, 1 адам - Текелі қалаларынан, 2 адам - Талғар, 1 адам - Алакөл, 1 - Ескелді, 1 - Қарасай, 1 - Ақсу аудандарынан анықталған.
Оның ішінде 2015, 2020, 2020 жылғы балалар, 1962, 1962, 1953 жылғы әйел адамдар және 1989, 1961, 1969, 1983, 1958, 1998 жылғы ер адамдар дене қызуының 38,5С көрсеткішке дейін көтерілуіне, әлсіздікке, тамақ ауруына, құрғақ жөтелге шағымданған. Барлық науқастар эпидемиологиялық тестілеуден өтіп, ЖРВИ және пневмония диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Қазіргі уақытта науқастар оқшауланып, байланыста болған адамдар карантинге алынды.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізілуде.
15 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 527 адам тіркелген, олардың 345-і жазылып шыққан.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.